Ордабасы ауданында болған жол апатына кінәлі жүргізуші абақтыға қамалды. Сұмдық жол апатын жасаған азамат енді екі айын уақытша ұстау абақтысында өткізеді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіндегі мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Спабек Жарқынбеков хабарлайды.
Ордабасы аудандық сотының санкциясымен Фольцваген көлігінің 39 жастағы жүргізуші екі айға қамауға алынды. Бұл азамат Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында мас болып көлік айдап, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан жолдың шетінд велосипедінде отырған 1,5 жасар сәбиді соғып, бүлдіршін қазір ауруханада ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болды.