Оңтүстік Қазақстан полицейлері шекара аумағынан табылған оқ-дәріні залалсыздандырды. Қазығұрт аудандық ішкі істер бөліміне бұрынғы әскери полигон аумағынан ұзындығы 30 см болатын оқ-дәрінің табылғаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына жедел барған полиция қызметкерлері Турбат шекара заставасының шекарашылары гранатометтің оғына ұқсас снаряд тапқанын анықтайды.
Полицейлер қауіпті аймақты қоршап, жарылғыш заттың күшін жойып, залалсыздандырды. Аталған жайт бойынша қылмысты іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүрзілуде.