Шымкент тұрғыны кафеге қару асынып келген

234
Шымкент тұрғыны кафеге қару асынып келген
күдікті азамат

Кафеге қарумен келген Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Полицейлер 36 жастағы азаматтан газды-травматикалық тапанша тәркілеп отыр.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 29 наурыздан 30-на қараған түні болған. Еңбекші полиция бөліміне күзет агенттігінен суыт хабар түседі. Жеке күзетшілер қаладағы кафелердің біріне келген жігіттің қолынан қаруға ұқсас затты байқапты.

Шымкент тұрғыны кафеге қару асынып келген
күдікті азамат

Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің қызметкерлері Шымкент қаласының 1980 жылғы азаматын ұстады. Тінту кезінде жігіттің белінен «Action-SM» маркалы газды-травматикалы тапанша тәркіленді.

Шымкент тұрғыны кафеге қару асынып келген

Мәселені жан-жақты тексеру үшін тәртіп сақшылары күдіктіні Еңбекші полиция бөліміне жеткізді. Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент тұрғыны кафеге қару асынып келген