Шымкентте көп күндік веложарыс өтіп жатыр. 11 наурыз күні 5 шақырым жолды 104 велошабандоз уақытқа жүріп өтті. Бірінші болып жеткен спортшы көшбасшының сары жейдесіне ие болды.
Оңтүстікте мұндай жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылардың шараны дәстүрлі турнирге айналдыру мақсаты да бар. Көп күндік веложарыс Ерлан Пернебековты еске алуға арналып өткізілуде.
Еске сала кетейік, Ерлан Пернебеков — Шымкент велоспорт мектебінің түлегі. 2013 жылы ол топтық жарыс түрі бойынша Азия чемпионы атанған. 2014 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының және Astana Continental Team кәсіби вело клубының сапына алынады.
Ерлан Пернебековті еске алуға арналған шара аясында бірнеше көше уақытша жабылатынын да ескеріңіз. Бүгінгі жарыста 5 шақырымды Сұлтан Миралиев өзгелерден бірінші болып жетіп, көшбасшының жейдесіне ие болды. Салаға жауаптылардың айтуынша, бүгін көлік жүргізушілер Арғынбеков көшесінен айналып өтуге мәжбүр болыпты.