Ғаламтордың жұлдызына айналған Шымкенттік темір тұлпар иелері әкімішілік жазаға тартылды. Әлеуметтік желіге жүктелген кадрларда алты бірдей Лада Приора маркалы көліктердің барлығында бірдей нөмірлер көрсетілген.
Бұл жәйт көпшіліктің қызу талқысына түсті. Тіпті, жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің назарына да ілігіп, бүгін инспекторлар осы көлік жүргізушілерін тексерді.
Тәртіп сақшылары көше бойында белгісін жағып, қаз-қатар жүрген бірдей маркалы, бірыңғай нөмірлі темір тұлпар иелерінің әрекетінен ешқандай заң бұзушылық таппағанымен, көліктердің техникалық жағдайынан сылтау іздеп, Приора жүргізушілеріне 30 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Полицейлердің айтуынша, жастардың сөзінше қайта жарақтандыру делінетін жұмыс тюнинг деп аталады. Бұл Лада көліктерінің түбі мен жолдың арасы тым жақын. Ал бұл жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпті дейді инспекторлар.
Енді полицейлер қаладағы осындай өзге де көліктерді тексермек. Ал бұл темір тұлпарлардың иелері нақақтан-нақақ жазаға тартылдық деп отыр.