Шымкентте Наурыз айтысы басталды

214
Ақындар айтысы

Ақындар айтысыБүгін Шымкентте республикалық Наурыз жыр айтысы басталды. Жыр додасы биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Мәделі Жүсіпқожаұлының — 200, Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына арналған.

Әзірге сахна төрінде үшінші жұп өнер көрсетіп жатыр. Айта кететін ақпар, аламанның ақтық сынына 16 ақын жолдама алған. Айтысты Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Жүрсін Ерман жүргізіп жатыр.

2004 жылдан бері бастауын алған Наурыз ақындар айтысы биыл 10-рет ұйымдастырылып отыр. Қазылар алқасының төрайымы — халық ақыны Әселхан Қалыбекова.