Шымкентте Наурыз мерекесіне орай айтыс өтеді

360
Ақындар айтысы

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай аламан айтыс өтеді. Наурыздың 18 жұлдызында қалада дәстүрлi Наурыз-айтыс ұйымдастырылмақ.

Мәдениет басқармасы ұйымдастыратын айтысты облыс әкімдігі де қолдап отыр. Қазақтың қазынасына айналған жыр додасы Қазақстанның тәуелсiздiгiнiң – 25, Мәделiқожа Жүсiпқожаұлының – 200 және Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына арналады.

Ақындар айтысы

Оңтүстіктің төрінде өтетін республикалық айтысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен суырып салма ақындар келеді деп күтілуде. Олардың арасында Қостанай облысынан Айбек Қалиев, Павлодардан Аспанбек Шұғатаев, Қарағандыдан Мақсат Аханов, Астанадан келетін Еркебұлан Қайназаровтар бар.

Ал жергілікті жыр шеберлерінен Жарқынбек Наушабеков, Анар Жаппарқұлова, Нұрлан Есенқұлов, Қалижан Бiлдашев, Бiржан Байтуов, Дәурен Ақсақалов, Қажымұқан Абзалов секілді елге белгiлi жыр дүлділдері қатысады деп күтiлуде. Айтысты Жүрсiн Ерман жүргізеді. Басталуы — сағат 11:00-де, Түркiстан сарайында.

Дереккөз: «Шымкент келбеті»