Полицейді көлік қағып кетті

Шымкентте жол-патрульдік полициясының қызметкерін көлік қағып кетті. Соның салдарынан инспектор ауыр жарақат алған. Ал жүргізуші қашып кеткенімен, ұсталды. Бұл туралы «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Полицейді көлік қағып кетті

Бұл оқиға 3 наурыз түні сағат 21:40 шамасында Қайтпас шағынауданында болған. Осындағы «Сайман» дүкенінің алдында полиция қызметкерін көлік қағып кетті.

Полицейді көлік қағып кетті

25 жастағы Ғабит Көбеев осы жерде қызмет атқарып тұрған кезде Киа Серато көлігінің жүргізушісі инспекторды қағып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, полиция қызметкері көліктің үстінен аударылып, артқа қарай құлаған.

Полицейді көлік қағып кетті

Оған қарамастан жүргізуші көлігімен қашып кетеді. Ауыр жарақат алған әріптестеріне сол маңдағы инспекторлар жедел жәрдем шақырады. Ал қалғандары дереу жедел басқару орталығымен хабарласып, жүргізушіні іздеуге кіріседі. Киа көлігінің жүргізушісі алысқа ұзай алмады. Арада 15 минут өткенде Тұран шағынауданы аумағында ұсталды. Ол – 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Полицейді көлік қағып кетті
Киа көлігінің жүргізушісі

Ауыр жарақаттанған полиция қызметкері жедел жәрдем ауруханасына ес-түссіз халде жеткізілді. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның миы қозғалған, сол жақ саны мен оң қолы сынған. Жағдайын білу үшін бүгін таңертең қалалық жедел-жәрдем ауруханасына облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майоры Асқар Оспанов барды. Дәрігерлер науқасқа қажетті барлық емді жасап жатқандарын айтты.

Полицейді көлік қағып кетті

Ал күдіктінің үстінен қылмысты кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Жас жігіт қамауда жатыр.

Полицейді көлік қағып кетті

 

Ішкі істер департаментінің басшылары ішкі істер министрлігінің атына жол-патрульдік полкінің инспекторы Ғабит Көбеевті үкімет тарапынан марапаттауға ұсыныс жолдамақ.