Велосипедшілер

Шымкентте халықаралық дәрежедегі велосайыс өтеді. 10 наурыз сағат 15:00- де Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков, трек велоспорты бойынша әлем чемпионы және КСРО чемпионы Марат Сатыбалдиев, олимпиада чемпионы және велоспорт әлем чемпионы, «Astana Acca Duo» әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова қатысады.

ВелофедерацияБұған қоса Ерлан Пернебековтың естелігіне арналған республикалық көп күндік веложарысы ресми ашылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Осы жиында Қазақстанның велоспорт федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы да ашылмақ. Оның президенті болып Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы тағайындалды.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында биыл қыркүйек айына жоспарланған Шымкент-Түркістан бағытындағы «Tour of Shymkent» бір күндік халықаралық веложарысының тұсаукесері болады. Бұдан бөлек велосипед жалға берілетін «Shymkent Bike» автоматтандырылған станциялар жобасы ұсынылады деп күтілуде.

Ал сағат 16:00 Наурыз алаңында 11-15 наурыз аралығында Шымкентте өтетін Ерлан Пернебековтың естелігіне арналған республикалық көп күндік веложарысының командалары таныстырылады.

Ақпарат: Ерлан Пернебеков 1995 жылы 16 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Топтық жарыстың Азия чемпионы (Нью-Дели, 2013 ж), ҚР-ның III жастар спорттық ойындарының чемпионы (Талдықорған, 2013 ж), «La Coupe du President de la Ville Grudziadz» (POL) басты жарысында 5 орын иегері, әлем чемпионының қатысушысы (Италия, 2013 ж), 18 жастағылар арасында Эквадорда оқу-жаттығу кезінде 2014 жылдың 14 наурызында инсульттан қайтыс болды.