Жедел жәрдем ауруханасы

Шымкентте түн ішінде қайғылы жағдай тіркелді. Жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсаған.

Жедел жәрдем ауруханасыОқиға түнгі сағат 1 шамасында болды. Жедел жәрдем мен полицияға Қабанбай батыр көшесінен суыт хабар түсті. Қоңырау шалғандар 24 жастағы жігіттің өзіне-өзі қол жұмсағанын хабарлап, көмек сұрайды.

Көрсетілген мекенжайға полиция экипажы мен жедел жәрдем тобы тез келді. Дәрігерлер жас жігіттің жағдайын тексергенімен, өкінішке қарай, оның демі үзіліп кеткенін анықтады.

Әзірге қайғылы жағдайдың толық себеп-салдары белгісіз. Оқиға орнына марқұмның таныс-достары да келді. Оларға қайтыс болған жігіттің таныс қызы хабар берген болуы мүмкін. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.