Жылу. Шымкент. ТЭЦ-3
Жылу. Шымкент. ТЭЦ-3

Шымкентте жылу беру маусымы аяқталды. Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөліміне қарасты «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің мамандары жылу беру маусымының 25 наурызға дейін жалғасқанын айтады.

Жылу. Шымкент. ТЭЦ-3

Бұдан бөлек, олар соңғы екі жылда тұрғындардан түскен талап-арыздардың саны кеміді деп отыр. Мұны жылу берушілер тозығы жеткен магистральды және орамішілік жылу жүйелерінің жоспарлы жаңалануымен түсіндіруде.

Алайда күрделіктер де жоқ емес. Көп қабатты тұрғын үйлердің басым бөлігіндегі жертөлелер мен пәтерлердегі жылу жүйелері сол баяғы ескі күйінде. Бұл өз кезегінде жылуды толық көлемде алуға кері әсерін тигізуде дейді мамандар.