Шымкенттегі мешіттен Құран кітабы ұрланды

358
Шымкенттегі мешіттен Құран кітабы ұрланды
Фото instagram әлеуметтік желісінен алынды

Шымкенттегі мешіттен белгісіз біреу қасиетті Құран кітабын ұрлап кетті. Естіген елдің жағасын ұстатар оқиға Ворошиловка елдімекеніндегі Акмаль Салих мешітінде болған.

Шымкенттегі мешіттен Құран кітабы ұрланды
Фото instagram әлеуметтік желісінен алынды

Тақия киіп, тақуа секілді кірген азамат еш жасырынбастан Алла үйінің төрінде тұрған қасиетті кітапты алып шығып кеткен. Оның бұл әрекеті мешіт ішіндегі бейнекамераларға түсіп қалған. Оқиға жұма күні кешкі сағат 7 шамасында болған. Мешітке кірген адам тіке барған күйі бірден төрдегі үлкен Құран кітабын алып тайып тұрған.

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, Меккеде басылып шыққан Құран-кәрімнің құны кемінде 60 мың теңге тұрады екен. Жас шамасы 25 пен 30 жас арасындағы адам Шымкенттік мешіттерді жиі жағалайды екен.

Тіпті, мешіт жанындағы сатушылардың бірі өзін Болат деп таныстырған осы азаматтан нарық бағасынан әлдеқайда қымбат бағаға араб елінде басылған бірнеше Құран кітабын сатып алғанын айтады. Соған қарағанда бұл азамат киелі дүниелерді ұрлап-сатуды кәсіп еткен болуы мүмкін. Қазір полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр.