Шымкенттің полицейлері өз әріптесіне айыппұл кесті

648
Полиция

Заң бәріне бірдей ортақ. Осыны ескерген Шымкенттегі жергілікті полиция қызметкерлері өз әріптесін әкімшілік жазаға тартты. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірхан әлеуметтік желідегі аккаунтында хабарлады.

Полиция

Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметіне қарасты жол-патрульдік полициясының инспекторы жол жүру ережесін бұзғаны үшін үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл төлейді.

жол белгісіБұл тәртіп сақшысы Арғынбеков және Ерімбетов көшелерінің қиылысында жол қозғалысын реттейтін 5.8.1. белгісін елемей, тәртіп бұзған. Сол үшін арнайы көлікті өзге полиция қызметкерлері тоқтатады.

Өзінің үстінен әкімшілік хатама толтырылғанда ереже бұзған полиция қызметкері кінәсін мойындап, келісті. Енді ол айыппұл төлейді.

Әкімшілік хаттама