Шымкенттің полицейлері суицидтің алдын алды

346
Шымкенттің полицейлері суицидтің алдын алды

Шымкентте көпірден секірмек болған азаматшаны полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Оқиға 15 наурыз түні сағат 23:30 шамасында болған.

Қаладағы Тұрар Рысқұлов даңғылының бойындағы көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелдің жасы отызда. Ол 102 сымтетігіне өзі хабарласып, секіргеннен кейін денесін алып кетуін сұранған.

Шымкенттің полицейлері суицидтің алдын алды

Оқиға орнына жол-патрульдік полициясы ротасының 792-экипажы келді. Дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары суицидке бармақ болған әйелді аман алып қалды.

Полиция капитаны, 3-ротаның взвод командирінің орынбасары Ордабек Күзербаев әйелдің төменге қарай аттай берген сәтінде қолынан ұстап алады.

Шымкенттің полицейлері суицидтің алдын алды

— Біз көрсетілген жерге дер кезінде жеттік,- дейді Ордабек Күзербаев. — 1986 жылы туған келіншек өзін-өзі төмен қарай тастап жібермек болып тұр екен. Ұстап қалдық. Екі балам бар деген жас келіншек өмір сүргім келмейді деп, бірнеше рет қайталаумен болды.

Оқиға орнына полиция жасағының басшылары да келді. Олар мәселенің мән-жайын анықтама болып, әйелді Әл Фараби полиция бөліміне алып кетті.