Сотталғандар санын азайту. Бас прокуратура мен жоғары сот және ішкі істер министрлігі дәл осындау атаумен жүйелі шараны қолға алған. Үш жақты жұмыс барысында түрмедегілердің санын азайтып, оларды жұмыспен қамту мәселесі жүйелі шешіліп келеді.
Нәтижесінде халықаралық түрме рейтінгісіндегі еліміздің орны төмендеген. Темір торға тікелей қатысты реформа өз жемісін бергенін бірден байқауға да болады. Бастама қолға алынғанда түрмедегі тұрғындардың саны 3 400 болатын, ал қазіргі көрсеткіш 2000 адамға төмендеген. Сотталғандардың өзекті сауалдары облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен форумда қаралды. «Сен қоғамға керексің» шарасы аясында істі болғандардың күйі сөз болды.