«Су арнасы» мекемесі «Сапалы қызмет» ұранын ұстанады

414
Жапондық су көтергіш насосты станциясы

Сапалы қызмет! «Су ресурстары-Маркетинг» компаниясының халыққа қызмет көрсетудегі бұл ұстанымы құр сөз емес. Шаруашылыққа жана технологияны енгізу де — мекеменің басты міндеттерінің бірі. Жұмыстағы жоғары көрсеткішімен тек еліміздегі емес, ТМД елдерінің ішінде де ерекшеленетін жұмыстарымен сала жауаптылары үй төрайымдарын таныстырды.

Мекеменің бас энергетигі Керімбек Ағабаев үй төрайымдары мен төрағаларына жаңа су көтергіш насосты станцияның мүмкіндіктерін түсіндірді. Жапондық технология үйлерге қажетті қысымда ауыз суды сапалы жеткізумен қатар құбырлардағы апаттық жағдайлардың да алдын алады. Шымкентте 40 шақты насосты станция бар. Солардың оны толық жаңартылған. Энергетиктің айтуынша, қаланың қырлы-сайлы георафиялық ерекшелігіне сай, жаңадан салынатын тұрғын үйлердің жобасында осы құрылғылар ескерілсе, судың сапасы да артады.

Жапондық су көтергіш насосты станциясы
Жапондық су көтергіш насосты станциясы

Ағабаев Керімбек «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас энергетигі: «Құрылғының ерекшелігі сол — көп қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына суды көтеріп қана қоймай, тәулік бойы бір қалыпта ұстап тұрады. Біз бұрынғы механикалық насостарды біз түнде өшіріп, таңғысын ерте қосамыз. Өйткені, суды тұтынушылар аз болады. Жоғарғы қысымды су құбырларды жарып жіберуі мүмкін. Ал мына жапондық станция автоматты түрде реттеліп тұрады.»

Құбырлардағы су қысымы тәулік бойы бақыланады. Мәселе туындаған жағдайда тұрғындармен байланысты үзбеу үшін «Ватсап» жүйесі де енгізілген. Осы жолы кәріз жүйесін қоқыс пен ағаш тамырларынан тазалайтын жаңа қондырғылар да таныстырылды.

Кәріз жүйесінен шыққан қоқыс
Кәріз жүйесінен шыққан қоқыс
Сұлтанмұрат Ирисметов
Сұлтанмұрат Ирисметов

Сұлтанмұрат Ирисметов, үй төрағасы: «Міне, слесарь балалардың кәріз жүйесін қалай тазалап жатқанын көріп отырмыз. Енді тұрғындар соншалықты болмаса болады ғой, қоқысты шелектеріне емес, тура кәрізге тастаған. Ол толып, зардабын да көріп тұрмыз. Адамда сәл ұят болуы керек қой!?»

Бүгінде Шымкенттегі көп қабатты үйлердің 30 пайызында ғана жаңарту жұмыстары жүргізілген. Бұл ең алдымен тозығы жеткен құбырлардан судың артық ағуының алдын алып, төлемнің негізсіз жасалмауына сеп болады. Екіншіден, құбырлар мен су есептеуіш құралын уақтылы ауыстыру мен күтіп ұстауды мекеме өз мойнына алады.