Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері марихуана сатты деген күдіктіні құрықтады. Наурыз айында ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ішінде марихуана есірткі заты бар 3 дана сіріңке қорабын 10 мың теңгеге сатты деген күдікпен Түркістан қаласының 1962 жылғы тұрғыны ұсталды.
Сот-криминалистикалық сараптамасына сай тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 грамды құрайтын марихуана есірткі заты екені анықталды.
Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.