Шымкентте төбелескен екі автобустың кондукторлары жауапқа тартылады. Олардың жағаласқан видеосы интернетке тарап кеткен.
Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірхан түсінік берді.
— Екі автобустың кондукторлары Айдос Ділдәбеков пен Асхат Хаджиевтің арасындағы ерегіс шамамен күндізгі сағат 14:30-да болған. Ал келесі автобустар олар төбелесіп қалды. Қазір барлығы ұсталып, «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу-тексеру жалғасуда.
Анық болғаны, төбелескендер — №№74 және 84 бағыттағы автобустың кондукторлары. Куәлердің айтуларынша, №84 бағыттағы автобус екінші автобусқа кедергі келтіріп, жолаушыларды жинап кетуге тырысқан болуы мүмкін.