Талантты жастар марапатқа ие болды

265

Шымкентте «Жас қаламгер» және «Жас ғалым» байқауларының жеңімпаздары анықталды.Қазылар алқасы сайысқа түсіп, үздік атанған 20-ға жуық оқушыны марапаттап, медаль мен диплом табыс етті.

Сондай-ақ, жастардың жұмысына жетекшілік еткен мұғалімдер де ескерусіз қалмады. Жас өрендердің шама-шарқын бағамдаған қазылар үміткерлердің шығармашылық қабілеті мен ғылымға бетбұрысын сарапқа салды. Олар қатысушылардан түскен 80-ге жуық жұмысты қарап шығып, үздіктерді іріктеп алды.