Батыс Европа — Батыс Қытай көлік дәлізінің Оңтүстіктегі бөлігі жазда тапсырылады. Бүгінде халықаралық маңызы бар тасжолдың Тұрар Рысқұлов, Ақ биік, Азаттылық, Таз тұмсық, Жас кешу ауылдарындағы жұмыстары аяқталды.
Жолдың ауыл ішіндегі жалпы ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Аталмыш учаскеде Қазақстандағы алғашқы туннель де салынуда. Ондағы жұмыстың 69 пайызы аяқталды.
Негізгі жолдың 70 пайыз жұмыстары аяқталса, көпірлердің 90 пайызы салынып біткен. Ал құбырлардың 42 пайызы тәмам болды. Жұмыстарды 2016 жылдың соңына аяқтап, жолды ашу жоспарланып отыр. Қазір облыс аумағындағы жолдың негізгі бөлігі аяқталып, Машат шатқалындағы жұмыстар қалды. Оны 2016 жылдың шілдесінде тапсыру көзделген.