Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев сайлаудың қорытындысын жария етті. Облыс мәслихатының депутаттығына 219 үміткердің ішінен тек 127-сі ғана додаға түскен.
Сөйтіп, Оңтүстік өңіріндегі 50 округ бойынша саяси науқаннан сүрінбей өткен 50 депутат жиында таныстырылды. Алтыншы шақырылымдағы облыс мәслихатының алғашқы сессиясында бірінше кезекте хатшы сайланды.
Бұл орынға №49 округ бойынша жеңіске жеткен Қамытбек Айтөреев жайғасты. Сонымен қатар, тұрақты комиссиялардың құрамы бекітіліп, оның төрағалары да айқындалды.