Жолдың қарсы бетіне шыққаны үшін куәлігінен айрылды

199

Шымкентте жолдың қарсы бағытына шыққан жүргізуші өз куәлігінен айрылды. Жол жүру ережесін бұзған таксист осындай жазаға тартылып отыр.

Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желідегі аккаунтында хабарлады. Интернетте жарияланған видеода мемлекеттік нөмірі KZ 460 AP13 автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны жазылған.

Сол үшін жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабының 3-тармағы бойынша жауапқа тартылды. Яғни, бұл азамат көлік жүргізу құқығынан 1 жыл мерзімге айрылды.