Зообаққа ұлттық киіммен барайық!

314

Әдеттегідей қаламызда Әл-Фараби алыңда әз Наурыз арқа-жарқа тойланды. Көпішілктің мерекелік көңіл күйі тойдың сәнін кіргізіп, мәртебесін көтеруде.

Биылғы Наурыз мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар.

18 наурыз күні Қошқар ата өзенінің бойында мерекелік шара өтеді.

Ал Ұлыстың ұлы күні ипподромда ұлттық ат спорты ойындары ұйымдастырылады. Басталуы — сағат 11:00-де. Дәл осы күні Наурыз алаңында «Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз» атты театрландырылған қойылым, өнер және шығармашылық ұжымдардыѕ мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, Абай, Жеңіс, Орталық, Наурыз саябақтарында көпшілік серуендері өтіп, қаланың шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттік бағдарламасы қойылады.

Ал 18 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен республикалық наурыз айтыс өткізіледі.

Сондай-ақ, мерекелік демалыстарыңызды Шымкент зообағында да өткізуге мүмкіндіктеріңіз бар. 19-23 наурыз аралығында зообаққа келген әр қонақты тосынсый мен түрлі ойындар күтіп тұр. Дәл осы күндері мерекелік концерт ұйымдастырылып, келушілердің көңілін көтеру жоспарланған. Бұған қоса зообақ басшылығы ұлттық киіммен келген қыдырушыларға сыйлық ұсынуға уәде беріп отыр.