Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Қаратау ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды. Конкурс нәтижелері бойынша бұл қызметті енді Исамидин Қантөреев атқарады.
Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы 5 сәуірде туған. Білімі жоғары. Мамандығы бойынша біліктілігі–заңгер, экономист.
Еңбек жолын 2005 жылы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Өндірістік-пайдалану кәсіпорындар» ЖШС-де экономист қызметінен бастаған. 2007-2008 жылдары қазіргі «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бойынша ұлттық орталық» аталып келген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ақпарат және тестілеу орталығында «Е» санатты кадрлар бойынша оператор қызметін атқарған.
2009 жылы сәуір-тамыз айларынан бастап мемлекеттік істер жөніндегі агеттігі ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облысы бойынша сарапшысы лауызымында еңбек еткен. Кейінгі жылдары мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету департаментінің аумақтық басқармасының сарапшысы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде қызмет атқарған.