Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды

549
Төлеген Тұртайұлы Телғараев

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі және Қазығұрт аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазығұрт ауданының әкімі лауазымына Төлеген Телғараев тағайындалды.

Төлеген Тұртайұлы Телғараев
Төлеген Тұртайұлы Телғараев

Төлеген Тұртайұлы 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент автокөлік кәсіпорынның құрылыс ауласының бетоншысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық жекешелендіру комитеті мемлекеттік акция пакеттер және мемлекеттік қатысу үлесі бөлімінің бас маманы лауазымында бастаған.

2004-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналды меншік департаментінің жалға беру және жекешелендіру бөлімінің бастығы, осы облыстың қаржы департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті еңбек рыногы және квоталау бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2008 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етіп келді.