Балмұздақ сататын жерде оқ атылды

481
Балмұздақ сатушыға оқ атылды
Ұсталған жігіт

Шымкенттің қақ ортасында кезекті атыс оқиғасы тіркелді. Келеңсіз жағдай Теріскей шағынауданында болған. Осындағы балмұздақ сатушыға екі рет оқ атылды. Абырой болғанда адамдар аман.

Суыт хабар түсе сала оқиға орнына Теріскей бекетінің инспекторлары келді. Тәртіп сақшыларын қарсы алған сатушылардың бірінің айтуынша, оқ атқандар- клиенттердің бірі.

Балмұздақ сатушыға оқ атылды
Ұсталған жігіт

 — Кезегі келген жігіттерге балмұздақ салып тұрған едім, олар «ананы қос, мынаны көбірек сал» деп, тиісе бастады. Айтқандарыңды салып беремін деп, балмұздақтарын бердім. Содан сөзден-сөз шығып, олар дөрекі сөйледі. Ағам оларды сабырға шақырып, далаға шыққаны сол еді, төбелес басталып кетті. Мен жүгіріп шығып едім, біреу тапанша алып, бізге қарай екі рет оқ атты. Өздері 4-5 жігіт болатын.»

Балмұздақ сатушыға оқ атылды

Тәртіп сақшылары оқ атқандарды іздеуге кіріседі. Олардың біреуі алысқа ұзай алмай, қолға түсті. Қалтасынан газды-травматикалық тапанша шыға келді. Айғақ затты хаттама толтырып, тәркілеп алған полицейлер төбелескендерді Еңбекші полиция бөліміне алып кетті. Істің мән-жайын енді тергеушілер анықтайды.