Чернобыль апатына қатысушылар тек сәуірде еске алынады, ал қалған уақытта ұмыт қалады. Шымкенттегі облыстық өлкетану мұражайына жиналған радиоактивті сол кезде зарарсыздандыруға атсалысқандар осылай дейді.
Чернобыль апатына 30 жыл толу датасына байланысты қалың қауым арнайы бас қосты. Смадияр Шадияров — осыдан 30 жыл бұрынғы залалсыздандыру жұмысына қатысқан азамат. 1985 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жас жігіт Львовтан Чернобль стансасына жөнелтілген. Қайнаған қайраты мен жастықтың буы қауіпті аймақтың қасіретін сездірмепті. Бірақ қазір ІІІ топтың мүгедегі. Тарихта қалған апаттың тарамдары әлі де бар дейді ер ағасы.
Айта кету керек, апат салдарын залалсыздандыруға сол кездері Қазақстаннан 32 мың азамат аттанса, оның 900-і Оңтүстіктің оғландары еді. 1986 жылы Украинадағы атом электр станциясының 4-энергоблогында болған оқыс оқиға зардабын олар да тартты. 30 шақырымдық радиуста қоныс тепкен қауымды көшіреміз деп, көбісі дертке ұшырады. Апат басында аянбай тер төккен 260 жерлесіміз ақырында ажал құшты.
Ал қазір радиоактивті ластанудан қорғауға атсалысқандардың тек 600-ден астамының ғана көзі түрі. Оның өзінде мүгедек болып қалған. Әскери борыш пен азапты алаңда болып қайтқан азаматтар әр заматта бас қосып тұрады. Бірақ тек көктем мезгілінде. Өйткені сәуірде ғана еске алынып, қалған уақытта ұмыт қалады деп налыды қалың қауым.
Төрағаның айтуынша, жылына бір реттік көмекақы төленетіні рас. Жол жүруде де азын-аулақ жәрдем қарастырылған. Бірақ сауықтыру ісінде қамықтыру көп, өйткені көбі қамтылмайды. Жиналған жұрт осыны айтты. Маусымдық датада мәдени шаралар ғана көңілге медеу болады деген қалың қауым Чернобыль апатына қатысушыларға әлі де әлеуметтік қолдау әлсіз деп тарқасты.
Мақсат Жақсыбаев