Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты жаңа ғимаратқа көшті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
ЕңбекшіЕнді аудан әкімінің қызметкерлері Л. Толстой көшесі, №119 ғимаратта (Ә. Сасбұқаев көшесінің қиылысы) өз жұмысын жалғастырады.
Тұрғындар аудан әкімінің аппаратына мына телефондар арқылы хабарласа алады:
— аудан әкімінің қабылдау бөлмесі — 43-31-98;
— ұйымдастыру-бақылау бөлімі — 53-27-43.
Л. Толстой көшесі бойымен №135 («Қалалық жедел жәрдем» аялдамасы), «Жөндеу аймағына» («Ремзона» аялдамасы) №№27, 44, 78, 101 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.