Күнгейде дәрі-дәрмек өндіретін алты жоба іске асады

275

Күнгейде фармацевтика кластерін қалыптастыру жоспары тың. Республикада өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың тең жартысы біздің өңірде өндіріледі. Отандық дәрілердің көшін бастап Польша инвесторлармен бірге алып жобаны іске асырып отырған «Химфарм» акционерлік қоғамы тағы да төрт кезеңнен тұратын жоба жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда бірінші кезеңі іске қосылып, 500 жұмыс орны ашылған. Цехта инъекциялық және инфуззиондық қоспалар өндіріледі. Ал биыл ұнтақты антибиотиктер өндіретін цехта өз жұмысын бастайды.

Бейбіт Атамқұлов, облыс әкімі: «Бұдан бөлек дәрі-дәрмек өндіретін және медициналық бұйымдар шығаратын 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде екі зауыттың құрылысы басталады. Онда таблеткалар өндірісі мен қан жинайтын контейнер өндіру көзделген. Сонымен бірге ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыттың іске қосу жұмыстары аяқталуда».