Логистика орталығының құрылысы тоқтап тұр

371
Логистика орталығының құрылысы тоқтап тұр

Шымкенттегі көлік тасымалдау-логистика орталығының екінші кезеңіндегі құрылыс тоқтап тұр. Ол биыл наурызда аяқталуы тиіс болатын. Алайда қаржының тапшылығынан былтырғы желтоқсаннан бері жұмыс жүрмеген.

Логистика орталығының құрылысы тоқтап тұр

2014 жылы басталған құрылыс барысында 35 мың гектар жерде екі қойма бой көтерді. Халықаралық талаптарға сай әр нысанның көлемі 10500 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар 20 мың шаршы метр аумақта контейнерлер орналаспақ. Бизнес жоспар бойынша нысанның  жалпы құны 10 млрд теңгені құрайды.

Азық-түлік тауарларын сақтау және оларды делдалсыз жеткізу мақсатында мұнда теміржол коммуникациясы да қарастырылған. Егер қаражат жуық арада түссе, логистикалық орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтауға мүмкіндік бар дейді тапсырыс беруші. Мұндай орталық республикада тек Астанада ғана бар. Екіншісі — Шымкентте. Болашақта елімізде 24 логистикалық орталық ашылады деп күтілуде.