ОҚО ІІД Жергілікті полиция өкілдері табиғатты қорғау шараларын жалғастыруда

961

Оңтүстік Қазақстан облысында экологиялық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын –алу мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Созақ, Бәйдібек және Сайрам аудандарының аумағында жалғасуда.

қызғалдық гүлдеріМәселен, іс-шара нәтижесінде, Сарыағаш ауданының аумағына қарасты, жайылымдық жерде сирек кездесетін, тез азайып және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер санатына жататын, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қызғалдық гүлдерін заңсыз жұлу фактісі анықталды.
Оңтүстікқазақстандық Жергілікті полиция өкілдері тағы да ЕСКЕРТЕДІ! «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.10.2006 жылғы № 1034 Қаулысымен сирек кездесетін және тез азайып, құрып кету қаупті төнген өсімдіктер санатында Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары негізінен Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Созақ, Бәйдібек және Сайрам аудандарының аумағында өседі.