Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылардың теріскейліктерге көмектесуде. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы төтенше жағдайға байланысты күнгейлік құтқарушы топ көмекке келген.
Тасқынның алдын алу үшін шымкенттік 20 құтқарушы мен 3 техника жұмылдырылыпты. Осылайша оңтүстікқазақстандық төтенше жағдай қызметінің құрамы артып, 30 маман мен 5 техникаға көбейген. Белгіленген жеріне мерзімінде жеткен құтқарушылар атбасарлық ағайынға көмек қолын созуда.
Екі топ 7 сәуірден бастап қалтқысыз қызмет етіп, топан судың қаупін сейілткен. Құтқарушы топ дамбының биіктігін көтеріп, 1610 қап құм тасып, су басқан үй тұрғындарын эвакуациялауға қатысқан.