Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жол жүру ережесін сақтауды қамтамасыз етуде жол-патрульдік полиция қызметінің орасан екенін айтады. Сондықтан саптық құрамға арнайы бейнетіркеуіш сатып алынатынын жеткізді.
Бейбіт Атамқұлов жұмыстарды жүйелеу мақсатында Шымкент қаласында тұрғындар көп шоғырланатын орындарда 14 тұрақты бекет салынып, оның әрбіріне 7-8 бейнекамера, яғни, барлығы 100 камера іске қосылатынын айтты.
Өңір басшысы, сондай-ақ, ұлт жоспарының 32-қадамында атап көрсетілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында елімізде алғаш рет «Қылмыстық құқық бұзу картасы» қолданысқа енгізіліп отырғанын, бұл жүйеге бүгінде жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуда екенін айтты.