Шымкенттің «Ордабасы» командасы Алматының «Қайрат» клубынан басым түсті. Екі команданың Қазақстан чемпионаты аясындағы кездесуі Шымкенттегі Қажымұқан стадионында өтті.
Аса тартысты өткен кездесу 1-0 есебімен «Ордабасының» пайдасына шешілді. Жеңіс голын екінші таймның 54-минутында Плотников қорғаған «Қайрат» қақпасына Филип Касалица салды.
«Ордабасы» — «Кайрат» 1:0 (0:0)
Гол: Касалица 54 (1:0)
Ескерту: Касалица 30, Тұңғышбаев 51, Чатто 90+1 – Бакаев 23, Маркович 67, Қуат 85
«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов 90+3), Касалица (Трифунович 70), Трайкович, Юнузович, Абдулин, Адырбеков, Нұрғалиев (к), Төлебек (Ирисметов 78), Тұңғышбаев
Қосылқы құрамда: Бекбаев, Гейнрих, Әшірбеков, Қожабаев, Қайкыбасов, Ерланов
«Қайрат»: Плотников, Исаэль (Ли 77), Тимощук (к), Маркович, Аршавин, Тавамба, Тесак, Бакаев, Қуантаев, Қуат (Дарабаев 87), Рудосельский
Қосалқы құрам: Сидельников, Даиров, Раимбек, Вороговский, Лунин
Төреші: Абданбаев (Тараз), Искаков (Қостанай), Журавлев (Павлодар)
17 сәуір, 2016 ж. Шымкент. Қажымұқан стадионы. 7 000 көрермен.