Ордабасы ауданының тұрғыны жоғалды

231

Оңтүстікте тағы бір адам жоғалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің төменше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазір ауданында осыдан үш тәулік бұрын із-түзсіз кеткен адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бөген ауылында 22 сәуір күні таңсәріде 1986 жылы туған I топтағы мүгедек үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Осы оқиғаға байланысты құрылған іздестіру жасағы аймақты шолуды жалғастыруда.

Оған барлығы 73 адам, 3 техника, 2 қайық жұмылдырылған. Сүңгуірлер Түркістан магистральды каналының 35 шақырымын сүзіп шыққанмен, өкінішке қарай, әлі нәтиже жоқ.