Отырар ауданының әкімі мектеп асханасынан тамақтанды

661
Отырар ауданының әкімі мектеп асханасынан тамақтанды

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аудан орталығында орналасқан лицей-интернатқа барып, білім беру мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты. Аудан әкімі оқушылардың 5 мезгіл тамақтануын, жатақханадағы оқушылардың жағдайын өз көзімен көрді.

Ерлан Қуанышұлы қарапайымдылығынан танбай, асханадағы мектеп оқушыларына берілетін тағам сапасымен танысу мақсатында оқушылармен бірге мектеп асханасынан дәм татты.

Отырар ауданының әкімі мектеп асханасынан тамақтанды

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, асхана жұмысына жауапты қызметкерлер аудан басшысының бірнеше сұрақтарына толық жауап бере алмады. Атап айтқанда әр балаға беріліп отырған тағам мөлшері қандай нормативтік құжаттармен рәсімделетіні, мәзірде көктемде оқушылар ағзасына қажет жеміс-жидектер, салат пен өзге де тағам түрлері неге көрсетілмегенін сұраған басшыға жауап қайтарған жан болмады. Сондай-ақ, мектеп асханасында күнделікті ас мәзірі бекітіліп, ілінбеген.

Отырар ауданының әкімі мектеп асханасынан тамақтанды

Бұдан кейін аудан әкімі лицей-интернаттың жатақханаларын аралап көріп, оқушылардың тұрмысымен танысты.

Отырар ауданының әкімі мектеп асханасынан тамақтанды

Қорытындысында Ерлан Қуанышұлы білім бөлімі мен барлық мектеп басшыларына мектептерде берілетін тағам сапасына ерекше назар аударып, қажеттілігіне қарай ата-аналар комитеті мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынынан тиісті бақылау жасауды тапсырды.