Шымкент қаласында ретсіз сауданы жою жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеген. Бұл жайындақала әкімдігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім болды.
Жыл басынан бері 92 рейд ұйымдастырылғанымен салынған айыппұлды өндіру пайызы тым төмен. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов атқарылған жұмыстарға көңілі толмай, коммисия құрамын көбейтуге тапсырма берді.
Енді заңсыз саудамен тұтынушылардың құқын қорғау басқармасы және төтеншеліктер де күресетін болады.