Саңырауқұлақтан уланып, бір адам қайтыс болды

430

Оңтүстікте саңырауқұлақтан уланып, бір адам қайтыс болды. Мамандардың пайымдауынша, елу жастағы азаматша үй жағдайында маринадталған қозықұйрықты дайындап, астан уланып қалған. Оған қоса науқас медициналық көмекке кеш жүгініпті.

Саңырауқұлақ сатыла бастадыСаңырауқұлақты тұтынғанда абай болыңыз. Бұл тағамнан таралатын қауіпті удың салдарынан өңірде бір оқыс жағдай тіркелді. Елу жастағы азаматша үй жағдайында маринадталған саңырауқұлақты дайындап, уланып қалды.

Медициналық қызметке кеш жүгінгендіктен, саңырауқұлақтан уланған адамға ешқандай ем қонбаған. Соңы тек өлімге әкеледі дейді мамандар. Мұны біле тұра санитарлық қадағалау департаментінің қызметкерлері базарларда сатылатын қозықұйрықтардың сапасына ешқандай тексеріс жүргізе алмайды. Ал, қала тұрғындарының көпшілігі саңырауқұлақты базардан алып, тұтынады.

Ал енді қозықұйрықты сүйіп жейтіндер үшін шағын кеңес. Өнімді дайындар алдында міндетті түрде тазалап жуып алу қажет. Мұнан соң екі-үш ас қасық сірке суын құйып, біраз тұндырған соң кемінде жарты сағат қайнатып алыңыз. Бұл процесстерді бұлжытпай орындасаңыз, қауіптің бетін алуға болады.

Мамандардың айтуынша, саңырауқұлақтан уланғандардың басым бөлігі үйде дайындалған консерві өнімдерін асқа тұтынған. Сондықтан дәрігерлер тамақты тұтынар алдын сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Лаура Мамырова