Самалдағы үйдің астынан шыққан судың қайдан келгені анықталды

299
Шымкентте үйдің астындағы 40 жыл бұрынғы құбырдан су тасыды

Самал шағынауданындағы Бектаев көшесін неліктен су алғаны анықталды. Бүгін «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің мамандары бекітілген құбырлардың көзін ашып, жарылған жерлерін жамауға кірісті. Айтуларынша, құбырлардың мұндай күйге түскеніне тұрғындардың өздері кінәлі дейді.

Шымкентте үйдің астындағы 40 жыл бұрынғы құбырдан су тасыдыНиғматулла Юлдашев, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС шебері: «Бұған дейін құбырдың тесілген екі жерін таптық. Қазір үшінші жерін тауып, дәнекерлеп жатырмыз. Адамдар өздері кінәлі, құбырдың аузы-басын бітеп тастаған. Содан су тасып шыққан. Бір жерден келген су тесік тауып, сыртқа шыққан.»

Естеріңізге сала кетейік, Самал шағын ауданындағы Бектаев көшесіндегі үш үйдің ауласын су алып, бір тәулік бойы коммуналды шаруашылық бөлімдерінің мамандары осы жерде болыпты. Белгілі болғандай, бұл су құбырлары 1978 жылы осында орналасқан 21 совхоздың егістік алқаптарын суғару үшін қаладағы каналдардан тартылған екен.

Бүгінде ол жүйе істен шыққан. Ал осы уақытқа дейін шарасыз отырған тұрғындарға тағы да сала мамандары көмектесуде. Олар жауын шашын суы ағатын жүйені қалпына келтіріп жатыр.

Нұрлан Жаңабай