Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Сайрам аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сайрам ауданының әкімі лауазымына Самат Сапарбаев тағайындалды.
Самат Айдарханұлы 1962 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы — инженер-механик.
Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл кірпіш зауытының слесарі ретінде бастаған. 1988-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, хатшысы лауазымдарын атқарған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық әкімшілігі жастар ісі бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
1997-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аумақты дамыту және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Сайрам ауданы Қарасу ауыл округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.
2013 жылдың маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.