Шардара ауданының әкімі тағайындалды

929
Арман Айдарұлы Абдуллаев

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі және Шардара аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шардара ауданының әкімі лауазымына Арман Абдуллаев тағайындалды.

Арман Айдарұлы Абдуллаев
Арман Айдарұлы Абдуллаев

Арман Айдарұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-экономист.

Еңбек жолын 1999 жылы «Рауан» ЖШС күзетшісі ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінің жиынтық талдау бөлімінің бас маманының лауазымында бастады.

2007-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2013 жылдың мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ретінде қызмет етіп келді.