Шымкентке Өзбекстан елшісі келді. Мәртебелі қонақ — Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаровпен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кездесті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Екі жақты кездесуде шаһар басшысы Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірегей жобаларға көршілес елмен инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға дайын екендерін жеткізді.
Қос тарап бірқатар сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық туралы әңгімелесті.