«Шымкентсыраның» мүлкі сатылмады

234
Шымкент сыра зауыты
Шымкент сыра зауыты

«Шымкентсыра» ЖШС мүлкін сатуға арналған сауда өтпеді. Электронды сауданың бірыңғай алаңының сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, аукцион өтпей қалды.

Шымкент сыра зауыты
Шымкент сыра зауыты

Саудаға жалпы ауданы 30857 шаршы метр болатын ғимараттар мен құрылыстар қойылған еді. Жер көлемі — 1294 соттық. Кұрал-жабдығы мен түрлі активтер, тауар белгісімен қоса есептелгендегі бастапқы құны 27 миллиард 984 миллион теңгеге бағаланған-тын.

Еске салайық, «Шымкентсыраның» мүлкі сәуір айының басында саудаға қойылды. № 7287 лотқа қатысушылар кепілдік жарна ретінде 1 млрд 399 млн 241 мың 750 теңге төлеуі тиіс еді.