Шымкентте қияр бағасы күрт арзандап кетті. Апта бұрын келісі 900 теңгеге жеткен көкөніс бірден 200-400 теңге төңірегінде тұрақтап қалды.
Сатушылардың айтуынша, бағаның төмендеуіне жергілікті жылыжайлардан әкелінген өнім көлемінің артуы себеп. Бұған дейін Оңтүстікте қияр құнының қымбаттауы республика жұртын біраз алаңдатып қойған болатын.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына құлақ түрген атқамінерлер делделдардың пайыздық үстемелерін де барынша төмендеттік деп отыр.