Шымкентте 64 жастағы тұрғынды ит талап тастады

186
Шымкентте 64 жастағы тұрғынды ит талап тастады

Шымкенттегі Оңтүстік шағынауданында қайғылы жағдай орын алды. Онда 64 жастағы тұрғынды көршісінің иті қауып алған. Надежда Чумухина оқиға орнында көз жұмды.

Шымкентте 64 жастағы тұрғынды ит талап тастады

Марқұмның күйеуінің айтуынша, 22 сәуірде кешкі сағат 10 шамасында үй жануары әйелге тарпа бас салған. Үйлердің арасында қоршау болмағандықтан, көршінің баспанасынан шапқан байлаусыз жүрген ит марқұмның бетін мен мойнынан талап тастапты.

Еңбекші полиция бөлімінің мәліметіне сәйкес, қазір осы жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексерулер жүргізіліп жатыр.