Шымкентте ауыз су бағасы 79 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бүгін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС өкілдері тұрғындарды жинап, осындай ұсыныс көтерді.
Аталған басқосуға депутаттар мен табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің қызметкерлері де қатысты. Серіктестік өкілдерінің бұл уәжі әзірге ұсыныс түрінде ғана қаралды.
Тұтынушыларға су берушілер теңгенің құнсыздануынң салдарынан шығынға ұшырадық деп отыр. Енді олардың баға көтеру жөніндегі ұсыныстарының қалың қауым арасында қолдау табар-таппасы белгісіз. Мәселе сәуір айының соңына дейін қаралып бітуі керек.