Шымкентте жазғы гүлдер егіле бастады

342

Шымкенттің орталық көшелері мен демалыс орындарына жазғы гүлдер егіле бастады. Бұған дейін «ЛТД-тұрмыс» мекемесі қала аумағында 98 мың түп голландық қызғалдақ еккен болатын.

Оған қоса шафран, питуния, катарантус сияқты гүл көшеттерін жерсіндіруде. Енді жергілікті билік басындағылар биыл бір жылдық гүлдерді көп жылдыққа алмастырмақ ойда.

Әзірге 150 мың түп көшет отырғызылады. Оларды суару мәселесі оң шешімін тапты дейді серіктестік өкілдері.