Шымкентте жылу бағасы қымбаттауы мүмкін. Келесі жылыту маусымында оның құны 12 пайызға көтерілeді деп күтілуде. Бұл туралы облыс орталығында тарифке қатысты өткен қоғамдық тыңдауда мәлім болды.
Сарапшылар өңірдегі жылу бағасында өзге аймақтағылармен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ дейді. Сондай-ақ, тұтынушылардың есеп айырысуы да өз деңгейінде жүргізіліп отырғанына сендіреді. Жылуға борышкерлердің қарыз сомасы бүгінде 700 млн теңгеден асып жығылады. Оның 550 млн теңгесі наурыз айына тиесілі.