Шымкентте инфаркт алған 103 жастағы қарт кісінің өмірін дәрігелер аман сақтап қалды. Жүрек талмасына ұшыраған Айша Дайрабековаға ангиохирург Асқар Рахматалиев 15 минуттың ішінде операция жасады.
Дәрігер қарияға эндоваскулярлық жолмен қан тамырына стенд қою отасын жасады. Оңтүстікте жасы жүзден асқан науқастарға бұрын-соңды мұндай ота жасалмаған. Қазір 103 жастағы науқастың жағдайы жақсы.