Шымкенттік ескекші Олимпиадаға жолдама алуы мүмкін

327
Жалғас олимпиадалық жолдамадан дәмелі

Ескек есуден параолимпиадалық ойындарға дайындалып жатқан жерлесіміз Жалғас Тайкенов Ресейдің ашық біріншілігінде алғашқы бестіктен көрінді. Параканоэнің KL олимпиадалық түрінде 200 метрге жарысқан шымкенттік спортшы төртінші орыннан көрінді. Ал үштікте болған ресейлік спортшылар лицензия ойнатылатын Әлем чемпионатына бармайды. Сол себепті Риоға жолдама қалтада деп есептейді Жалғастың бапкерлері. Байрақты дода Германияда өтеді.

Жалғас олимпиадалық жолдамадан дәмелі
Жалғас олимпиадалық жолдамадан дәмелі

Сонымен қатар ескек есушілер бұл күндері Алматыда Қазақстан кубогін сарапқа салуда. Жарыстың алғашқы күні жерлестеріміз 1000 метрге жарысты. Нәтижесінде ерлер арасында Сергей Емельянов, Артем Альшанский, Аширов, Алексей Емильянов, Молиналар жекелей сынақта алтыннан алқа тақты. Ал жұптық жарыста ағайынды Емильяновтар үздік деп танылды. Жарыс әлі екі күнге жалғасады.